Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі мен оқушылардың жүріс тұрысы

Шомылуға аса қолайлы режимдер:

- тамақ ішкеннен соң 1,5 сағат уақыттан кейін шомылған жөн;

- балалар жағаларында шомылған дұрыс, олар төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған қажетті құралдармен жабдықталған және қамтамасыз етілген;

- ұмытпаңдар, балаларға, жанында ересектер болғанда ғана шомылуға рұқсат етіледі;

Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары 
    - Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз. 
     - Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз. 
     - Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар. 
     - Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз. 
     - Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.

- Cуға шомылуға ата-ананың рұқсатынсыз және қастарыңда үлкен ересек адам болмай баруға болмайды

Барлығы мынаны есте сақтаған жөн:

- тек рұқсат етілген және қасында ересектер болған жағдайда шомылуға болады;

- таныс емес жерлерде сүңгуге болмайды – түбінде батып кеткен бөренелер, тастар, тырбиған ағаштар болуы мүмкін;

- батпақты жерлерде, балдырлар мен ұйықтар бар жерлерде шомылмаған жөн;

- еш жағдайда үрлемелі матрастармен, автокөлік камералармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге болмайды – қол астындағы құрал сынып қалуы, жыртылып қалуы мүмкін, адам күтпеген жерде суда қалады, бұл тіпті жақсы жүзе алатын адам үшін де өте қауіпті.