«Адал ұрпақ» клубының жұмысы

       Мектебімізде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының құрылу мақсаты-шәкірттерімізге  рухани адамгершілік және азаматтық — патриоттық тәрбие беру. Олардың бойында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру болса, міндеті-мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осы мақсат-міндеттерді жүзеге асыру аясында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері ұйымдасқан түрде мектебімізде жүйелі түрде түрлі іс-шаралар атқарып тұрады.

Егер, жас­тайынан баланың санасына тазалық, жауапкершілік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік қағидаттарын сіңі­ретін болсақ, есейген кезде оның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасып, саналы өмір сүруге  мүмкіндігі жеткілікті болады. Шәкірттерімізді мектеп қабырғасынан осындай ізгі қасиеттерге баулитын болсақ, жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушіліктің қағидаты қалыптасатын болады, демек, «Адал ұрпақ» еріктілер клубы» да өз жұмысының нәтижесін беретіні анық.