Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары

Асхар Бауыржан

«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғ.Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары

Асхар Бауыржан, 1991 жылғы 27 маусымда Моңғолия мемлекетінің Баян – Өлгий аймағында дүниеге келдім.

2011-2015 жылдар аралығында  К. Бәйсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетін аяқтадым.

Еңбек жолымды 2014 жылы Астана қаласындағы №40 мектепте бастадым. 2015–2020 жылдар аралығында Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде еңбек еттім.

2021 жылдан бастап Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жаңа Қима ауылының Ғ. Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде қызмет атқарып келемін.

Отбасылық жағдайым: үйленгенмін, 3 балам бар.

Қызмет барысында білім алушылардың сапалы білім алуына, педагогтердің кәсіби дамуына, дарынды оқушылармен жұмыс жүргізуге және мектептің оқу-әдістемелік жұмысының тиімділігін арттыруға баса назар аударамын.