Жазғы тілдік мектеп

   Мектебімізде  1-15 маусым аралығында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Самурат Нұрегүл жетекшілігімен оқушыларға арналған жазғы тілдік мектеп ұйымдастырылды.  Жазғы тілдік мектептің мақсаты: қатысымдық құзыретті жетілдіру, шет тілін оқуға уәждемені арттыру және оқушылардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін дамыту.

Жазғы тілдік мектептің міндеті: балалардың жас, психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, белсенді танымдық бос уақытын ұйымдастыру;  тілдік дайындық деңгейіне сәйкес орта білім беретін мекеме оқушыларының зияткерлік қабілетін дамыту

Шет тілін оқытуда ойын технологияларын қолдандым, жазғы тілдік мектеп бағдарламасы шет тіліне ену әдістемесін, интербелсенді ойындарды, психотренингті қолданылды.