Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің «Адалдық сағатын» өткізу бойынша ақпарат 2019-2020 оқу жылы
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде 2-қыркүйек күні 1-11 сыныптар арасында «Адалдық сағаттары» өткізілді. Мақсаты: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оқушылар бойына парасаттылық, адалдық қасиеттерін қалыптастыру.
1-4 сыныптарда «парасаттылық», «адалдық» деген сөздердің мағынасы түсіндіріліп, түсініктері кеңейтілді. Адамзаттың жақсы және жаман әрекеттері талқыланды.
5-11 сынып оқушылары өте белсенді қатысып, өз ойларын, пікірлерін ашық айтып, қорытынды жасап отырды. Берілген жағдаяттар бойынша ойларын таразыға салып, нақты және сауатты жауап беріп отырды. Сынып сағаты соңында әр оқушы өз ойын айтып, түйіндеме жасалды.
