18 наурыз – «Ұлттық киім күні» 3 сынып
18.03.2026
Ғ.Әбдірахманов атындағы ЖОББМ-де 18 наурыз – «Ұлттық киім күні» аясында мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды. 3 сынып оқушылары мен ұстазы Макишева К.Д. ұлттық нақыштағы киімдер киіп, қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрін насихаттады.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық киімнің маңызын ұғындыру, эстетикалық талғамды қалыптастыру және ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру.
Көрмелер мен сәндік көрсетілімдер ұйымдастырылып, қатысушылар ұлттық киімдердің ерекшеліктері мен тарихы туралы мағлұмат алды. Бұл күн ерекше әсерге толы болып, ұлттық рухты көтеруге зор ықпал етті.
Просмотров: 3996